386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дипломаттар Ұлыбританияның Еуроодақтан келісімсіз шығуына қарсы

  • 157
  • UPD: 12:52, 25.08.2019
Дипломаттар Ұлыбританияның Еуроодақтан келісімсіз шығуына қарсы

Ұлыбританияның Еуроодақтан келісімшартсыз шығуы елдің ұлттық мүдделеріне қауіпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Британияның бұрынғы 25 елшісі үкімет басшысына жолдаған хатында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы The Times газеті жазды. Олар үкімет басшысы Боррис Джонсоннан «Үлкен жетілік» саммитіне қатысушыларды Ұлыбританияның Одақтан келісіммен шығатынына сендіруді сұрады.

Айта кетейік, Біріккен Корольдік Еуроодақ құрамынан биыл 29 наурыз күні шығуы тиіс болған. Алайда Қауымдар палатасы Премьер-министр Тереза Мэйдің Брюссельмен келіскен шартын үш рет кері қайтарып, брексит қазанның 31-іне шегерілді. Ал Мэйдің өзі қызметінен кетті. Оның орынына келген Борис Джонсон «Ұлыбритания қандай жағдай болмасын осы мерзімге дейін Одақтан шығады» деп уәде беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы