386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильдің әуе күштері Дамаск маңындағы нысандарды атқылады

  • 121
  • UPD: 15:27, 25.08.2019
Израильдің әуе күштері Дамаск маңындағы нысандарды атқылады

Израиль әуе күштері Сирия астанасына жақын жердегі Иран жасақтарының нысандарына соққы берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге шабуылдан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпар жоқ. Израиль билігінің мәлімдеуінше, соққы Иран күштерінің дрондармен шабуылын болдырмас үшін жүзеге асырылған. Сирия әскерилері болса ұшырылған зымырандардың көбін дарытпай атып түскендерін хабарлады.

Айта кетейік, Израиль әскерилері Сирияда президент Башар Асад жағында соғысып жатқан Иран жасақтары мен олардың бекіністерін жиі атқылайды. Иерусалим мұны Тегеранның Сириядағы ықпалының күшеюіне жол бермес үшін жасалынатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы