387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Макрон Иран өкілдерін G7 саммиті өтіп жатқан қалаға шақырды

  • 162
  • UPD: 21:40, 25.08.2019

Францияның Биарриц қаласында «Үлкен жетілік» елдері басшыларының алғашқы жұмыс кездесуі өтті.

Онда әлемдік экономикадан бастап, демократия мен қоршаған ортаны қорғау, білім, гендерлік теңдік және өзге де мәселелер көтерілді. Ақпарға қарағанда Иран төңірегіндегі жағдай кеңінен талқыланған. Тіпті саммитке қатысушы елдер президент Эммануэль Макронның «Үлкен жетілік» атынан Иранға жолдама тапсыруын ұсынғаны туралы хабар тарады. Бұдан бөлек Ресейдің саммитке оралу мәселесі де қаралған. Бірер күн бұрын АҚШ пен Франция басшылары бұл идеяны қолдайтынын айтқан еді.

Хабар 24 телеарнасы