389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ дін және наным-сенім негізінде қуғынға ұшырағандарды еске алу күнін атап өтті

  • 201
  • UPD: 22:09, 25.08.2019

БҰҰ алғаш рет дін және наным-сенім негізінде қуғынға ұшырап, зардап шеккендерді еске алу күнін атап өтті.

Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш дін арқылы алауыздық туғызып, қақтығыс тудырушыларға қарсы тұруға шақырды. Себебі діни орындардың шабуылға ұшыруы барған сайын көбеюде. Мысалығ соңғы бірнеше айда Шри-Ланка мен Буркина-Фасодағы шіркеулерде, Жаңа Зеландиядағы мешітте, АҚШ-тағы синагогада лаңкестік әркеттер болды. АҚШ-тың діни ұйымдары зұлымдықпен бейбіт негізде күресудің маңыздылығын айтады. Олар бұл орайда Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қолдау білдіріп, дүниежүзіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға көп еңбек сіңіріп келе жатқанын алға тартты.

Роберт Брешью, АҚШ діни көшбасшылары форумының өкілі:

- Лаңкестік пен өзге де зорлық-зомбылыққа бірлесіп қарсы тұру қажет. Сондықтан әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі сынды кездесулерді өткізу өте маңызды. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ядролық қарусыздану, ұлтаралық келісім сияқты көптеген бастаманы қолға алып, әлемдегі беделі артты. Сіздің елдің ұстанымдары көп мемлекетке үлгі.

Хабар 24 телеарнасы