387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда өрт кесірінен туристер эвакуацияланды

  • 115
  • UPD: 22:07, 25.08.2019
Грекияда өрт кесірінен туристер эвакуацияланды

Грекияның Самос аралдарында орман өртеніп, қонақ үйлерден саяхатшылар эвакуацияланды.

Мыңнан астам адам теңіз арқылы 1 жарым шақырымдай жердегі Пифагорио ауылына жеткізілген. Зардап шеккендер жоқ. Қазір жалынның бетін қайтаруға ұшақтар мен тікұшақтар тартылған. Бұдан бөлек Пелопоннес пен Крит аралдарында да орман өртеніп жатыр. Оты сөндіруге бірнеше топ аттанған.

Айта кету керек, Грекияда бірнеше күннен бері сынап бағанасы 37 градустан түспей тұр. Осының салдарынан ел аумағында 56 өрт ошағы тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы