386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранның сыртқы істер министрі «G7» саммиті өтіп жатқан қалаға барды

  • 111
  • UPD: 23:55, 25.08.2019
Иранның сыртқы істер министрі «G7» саммиті өтіп жатқан қалаға барды

Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф Францияның Биарриц қаласына ұшып барды.

Бұл ақпаратты Зарифтің баспасөз хатшысы ресми растады. Зариф «Үлкен жетілік» бас қосқан қалаға өзінің орынбасары Аббас Аракчиді ертіп шыққан.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Иранның сыртқы істер министрі АҚШ тарапымен кездесу өткізбек емес. Және Джавад Зариф Биаррицте көп ұзамай кері қарай Тегеранға жексенбі күні қайтып ұшады.

NewsExecutive

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы