389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда бір күнде 1,5 мыңға жуық босқын оралды

  • 126
Сирияда бір күнде 1,5 мыңға жуық босқын оралды

Сирияда соңғы бір күннің ішінде Иордания мен Ливаннан 1 жарым мыңға жуық босқын оралды.

Олар ел аумағына Ливан мен Сирия шекарасындағы екі және Иорданиядағы бір тексеру бекеті арқылы кірген. Отанына оралғандардың арасында әйел мен бала көп. Еске сала кетейік, Сириядағы соғыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Қазір қарулы топтар қолында Идлиб аймағы мен Хама провинциясының кей аудандарында ғана қалған. Соңғы апталарда үкімет әскері екі өңірдегі бірнеше стратегиялық маңызы бар мекенді бақылауына алды.

Хабар 24 телеарнасы