386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Иракта Түркияның үш сарбазы қаза тапты

  • 197
Солтүстік Иракта Түркияның үш сарбазы қаза тапты www.aa.com.tr

Солтүстік Иракта 3 түрік әскери қаза тапты.

Тағы 7 сарбаз түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы Түркиядағы меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Оған сәйкес, әскерилер түрік қарулы күштерінің лаңкестік ұйымдарға қарсы ұйымдастырған «Pençe-3» операциясы барысында мерт болған.

Айта кеткен жөн, Түрік қарулы күштері ағымдағы жылдың мамыр айынан бері Иракта лаңкестікке қарсы әскери операция бастаған. «Pençe-1» атты әскери операцияға арнайы дайындықтан өткен жасақтар мен техникалар жұмылдырылған. Жалпы Түркияда тыйым салынған «Күрдістан жұмысшы партиясына» қарсы операциялар 2015 жылдың шілдесінде басталған. Сол уақыттан бері елде 500 бейбіт тұрғын мен 800-ден астам қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Сондай-ақ түрік әскерилерінің лаңкестікке қарсы операциясы барысында 10 мыңнан астам содыр құрықталған.  

Хулуси Акар, Түркия ұлттық қорғаныс министрі:

– Түркияның лаңкестікке қарсы әрекеті аймақты содырлардан толық азат еткенше жалғасады. Пенче-1 операциясы аясында 64, ал Пенче-2 шарасы барысында 16 лаңкестің көзі жойылды. Жалпы жыл басынан бері жүргізілген лаңкестікке қарсы операциялардың нәтижесінде 654 содыр жер жастанды.

Хабар 24 телеарнасы