386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда ұшақ пен тікұшақ соқтығысты

  • 140
Испанияда ұшақ пен тікұшақ соқтығысты inform.kz

Испанияның Мальорка аралында жеңілмоторлы ұшақ пен тікұшақ соқтығысты.

Салдарынан 7 адам көз жұмды. Мәлім болғандай, апат кезінде тікұшақ ішінде 5 адам болған. Олардың екеуі – кәмелет жасқа толмағандар. Ал ұшақ бортында екі адам болған көрінеді. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Қазір төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына жетіп, апаттың жай-жапсарын анықтауға кірісті. Тергеу амалдары жүргізілуде. 7 адамның қаза болуына байланысты аймақ басшысы 3 күндік қаралы күн жариялады.

Хабар 24 телеарнасы