387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливиядағы орман өрті 1 млн гектардан астам жерді шарпыды

  • 136
Боливиядағы орман өрті 1 млн гектардан астам жерді шарпыды

Боливия орманды алқабындағы қызыл жалын күшіне мініп, 1 миллион гектардан астам жерді шарпыды.

Бұған қоса, қазір өрт Сан-Лоренцо қаласына қарай ойысып, бірнеше шағын елді мекенге қауіп төндіре бастады. Осыған байланысты ел президенті Эво Моралес Боливияның жалғыз өзі тілсіз жаумен күреске қауқарсыз екенін айтып, оны ауыздықтау үшін халықаралық ұйымдардан көмек сұрап жатыр. Бұдан бөлек мемлекет басшысы екпінді өрттің кесірінен сайлауалды науқанды да кейінге қалдырды. Айта кетсек, Боливияда президенттік сайлау 20 қазанда өтуі тиіс еді.

Хабар 24 телеарнасы