385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атлантикаға «Дориан» дауылы төніп келеді

  • 167
Атлантикаға «Дориан» дауылы төніп келеді Trend

АҚШ ұлттық дауыл орталығы Атлантикаға «Дориан» тропикалық дауылы төніп келе жатқаны туралы хабарлады.

Орталық таратқан ақпар бойынша ол сейсенбі күні құйынға ұласуы мүмкін. Жалпы сенбі күнгі деректерге сай, дауыл ошағы Барбадостың солтүстік-шығысынан 725 миль жерде болған. Бірақ ол біртіндеп батысқа қарай бет ала бастапты. Қазір жел қуаты сағатына 65 шақырымнан аспайды. Бірақ алдағы күндері ол еселеп күшеюі мүмкін, дейді мамандар. Сондықтан АҚШ-тың Атлантика жағалауы тұрғындарына ескерту жасалып, сақтық шараларын сақтауға кеңес берілді. Айта кетейік, «Дориан» – аймақта орын алған осымен төртінші дауыл.

Хабар 24 телеарнасы