Қытайдың Гуандун провинциясына қарасты Янцзян қалалық округінде рейстік автобус аударылып қалды. Қалалық партия комитеті өкілдерінің мәлімдеуінше, апат салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы 11 жолаушы жараланған.
Жантүршігерлік жағдай түн жарымда Шэньян – Хайкоу автожолында тіркелді. Билік басындағылардың айтуынша, автобус лық толы болған – 44 адамның орнына 47 жолаушы мінген. Апаттың себебі анықталып жатыр.
Ақпарат көзі: life.ru