388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мьянмадан кетуге мәжбүр болған рохинджалықтар елге қайтарылуларын талап етті

  • 223
Мьянмадан кетуге мәжбүр болған рохинджалықтар елге қайтарылуларын талап етті humanrights.org.ua

Мьянмадан Бангладешке қашқан мыңдаған рохинджалық «Зұлмат күнінде» жаппай ғибадатқа жиналды.

«Кокс-Базар» деп алатын босқындар лагерін мекен еткен халық бұл күні маңайдағы төбелерге шығып, «үйге қайтқымыз келеді» деп ұрандата жөнелді. Бұдан кейін жиналған жұрт ғибадат етуге кірісті. Естеріңізде болса, Мьянмадағы зорлық-зомбылыққа шыдамаған 740 мыңнан астам рохинджалық Бангладешке бас сауғалап кеткен еді. Себебі Мьянма билігі аймақта ежелден тұрып келе жатқан бұл халықты «келімсек» деп қудалаған болатын.

Хамида Бегум, босқын:

– Біз өзіміздің көшбасшымен бірге Женевадағы БҰҰ штаб пәтеріне бардық. Онда мәселемізді ашық айттық. Рохинджа халқы атынан Мьянма тұрғындары тарапынан жасалған зорлық-зомбылықтарға шағым түсірдік. Себебі біз әділеттіліктің орын алғанын қалаймыз.

Өз кезегінде Бангладеш билігі ел аумағына келіп жатқан босқындар легінен тығырыққа тіреле бастағанын мәлімдеді. Сондықтан өткен аптада отанына оралғысы келетін рохинджалықтарға арнайы автобуспен елге қайтуды ұсынды. Бірақ оған ешкім келмепті.

Хабар 24 телеарнасы