386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте ереуіл кезінде 15 полицей жарақат алды

  • 152
Гонконгте ереуіл кезінде 15 полицей жарақат алды BBC

Гонконгте үкіметке қарсы ереуілдер әлі жалғасып жатыр.

Жексенбі күні өткен кезекті ереуілдің соңы қақтығысқа ұласып, одан 15 полицей зардап шекті. 30-ға жуық адам қамауға алынды. Тәртіп сақшылары ашуға булыққан ереуілшілер тобын тарату үшін көз жасаурататын газ қолданды. Бұдан кейін шерушілер құрған баррикадаларды су атқыштармен бұзып тастады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ереуілден қаладағы дүкендер талан-таражға ұшыраған. Жалпы аймақтағы жаппай наразылық акциялары маусым айынан бері жалғасып келеді. Оған азаматтарды экстрадициялау туралы заң түрткі болды. Осылайша Гонконг Британиядан Қытайға қайтарылған кезден бергі ең ірі саяси дағдарысқа ұшырап отыр.

Хабар 24 телеарнасы