389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде жапон тауарларына қатысты бойкот акциялары жалғасуда

  • 246
Сеулде жапон тауарларына қатысты бойкот акциялары жалғасуда Planeta

Сеул мен Токио арасындағы сауда соғысы ушығып барады.

Бірнеше күн бұрын Оңтүстік Корея үкіметі Токиомен әскери ақпарат алмасу туралы келісімді ұзартпау туралы шешім қабылдады. Ал Сеулде жапон тауарларына қатысты бойкот акциялары жалғасуда. Қала басшылығы «Біз кореялық тауарларды сатып аламыз, Кореяны аралаймыз» ұранымен үлкен жәрмеңкелер ұйымдастырды.

Владислав Цой, тілші:

– Оңтүстік Кореяда жасалатын өнімдер көрмесіне техника, косметика, ыдыс және түрлі әшекейлер қойылған. Бұл ел үкіметі келер жылы болашағы бар салаларға екі жарым миллиард доллар құюды жоспарлап отыр. Осылайша жапон тауарларына тосқауыл қоймақ ниетте.

Жәрменкені Сеул қаласының әкімі өзі аралап көзілдірік сатып алды. Сонымен қатар, Пак Вон Сун келесі айда төрт рет жергілікті өндірушілер және көрікті жерлер көрмелерін өткізуге шешім қабылдады. Осылайша ол оңтүстіккореялықтарды көрші Жапонияда емес, өз отанында демалуға шақырды. 

Пак Вон Сун, Сеул қаласының әкімі:

– Бізге сауда соғысы салдарынан зардап шеккен компаниялар атынан шағымдар түсіп жатыр. Біз кореялық кәсіпкерлерге несие беруге, олардың құқықтарын қорғауға тырысамыз.

Токио мен Сеул арасындағы сауда қақтығысы кәсіпкер Шин Хён Чхолдың жоспарын бұзды. Оның компаниясы ауадағы микрошаң және басқа да ауа райы көрсеткіштерін шығарады. Кәсіпкер өз өнімдерін Жапонияға жеткізуді жоспарлаған екен.

Шин Хён Чхоль, компания президенті:

– Осындай өнім басқа елдер де шығарады. Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі және Голландияда жұмыс істейміз. Жапония нарығына кіргіміз келді, бірақ қазіргі жағдайда ол мүмкін емес сияқты.

Жапонияға тәуелділікті қалай азайтуға болады? Бұл – қазіргі корей экономистерінің басты сұрақтарының бірі. Бірақ әзірге нақты жауап жоқ.

Ли Ый Хен, Корея металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының президенті:

– Корея үкіметінің жұмыс уақытын қысқарту және ең төменгі жалақыны көбейту туралы шешімдері жағдайды одан сайын ушықтыруы мүмкін.

Оңтүстік Корея үкіметі шығынды есептеп жатыр. Шілде айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда дисплей экспорты жиырма екі пайызға қысқарды. Шетелге ұялы телефондарды сату ісі де тежелген.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы