387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда кішігірім ұшақ апатқа ұшырады

  • 143
  • UPD: 17:14, 26.08.2019
Испанияда кішігірім ұшақ апатқа ұшырады Cadena SER

Дүйсенбі күні Мурсия автономдық қоғамдастығында испаниялық әуе академиясының кішігірім ұшағы құлап түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Cadena SER радиостанциясына сілтеме жасап.

Станцияның мәліметтеріне сәйкес, апат Ла-Манга елді мекенінің аумағында болған. Әуе кемесі Жерорта теңізіне құлаған. Апаттың себептері әзірге белгісіз.

Ұшқыштар катапульталанды. Дәл қазіргі уақытта олар іздестірілу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы