389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезия астанасы көшіріледі

  • 253
  • UPD: 11:00, 27.08.2019

Индонезия астанасы Джакарта қаласынан Калимантан аралының оңтүстік-шығыс бөлігіне көшіріледі.

Бұл туралы мемлекет басшысы президент Джоко Видодо тікелей эфирда хабарлады. Оған шамамен 32 миллиард АҚШ доллары жұмсалады деген жоспар бар. Негізгі жұмыстар 2021 жылы басталады. Индонезияның ұлттық даму және жоспарлау министрінің айтуынша, 2024 жылға қарай үкіме жаңа астанаға көшеді. 

Джоко Видодо, Индонезия президенті:

- Джакарта мен Ява аралында халық өте тығыз орналасқан. Көлік кептелісі, ауаның ластануы және су мәселесі  тұрғысынан түйткіл жайттар бар. Соңғы үш жылда үкімет осыған қатысты зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Шығыс Калимантанда жаңа астана салынады, деп шешім қабылдадық.

Хабар 24 телеарнасы