389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дональд Трамптың ұлы мен немересі бір апта бойы киіз үйде өмір сүрген

  • 216
  • UPD: 11:18, 27.08.2019
Дональд Трамптың ұлы мен немересі бір апта бойы киіз үйде өмір сүрген

АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлы кіші Дональд Трамп Моңғолия даласында бір апта бойы киіз үйде өмір сүрген.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Моңғолияны зерттеген бір аптада ұлым Донни екеуміз киіз үйде өмір сүрдік. Жыл талғамайтын көлікпен және жылқымен көптеген мильді бағындырдық. Моңғолия табиғаты ең сұлу жерлердің бірі екендігіне көз жеткіздім, адамдары да өте мейірімді. Осындай тамаша тәжірибеден соң желіге оралғаныма аздап түңіліп тұрмын», – деген кіші Трамп.

Кіші Дональд Трамп – америкалық кәсіпкер, саяхаттағанды жақсы көреді.

Хабар 24 телеарнасы