386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузиялық атлет саусақпен кемені жылжытты

  • 112
  • UPD: 11:46, 27.08.2019

Грузиялық ауыр атлет әлемдік рекорд  орнатты. Георгий Ростомашвили Батуми портында құтқарушы кемені бір саусағымен қозғалтты.

Оны қозғалтып қана қоймай,  бес метрге дейін сүйреген. Баржаның салмағы 200 тоннаны құрайды. Бұл оқиға  Гиннесс рекордтар кітабына енгізуге жіберіледі. 29 жастағы Георгий Ростомашвили бұған дейін де ауыр атлетикадан әлемдік рекордтарының авторы және 2015 жылы рекордсмендер кубогінің жеңімпазы атанған.

Хабар 24 телеарнасы