389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорктегі дүкеннен 4 млн доллардың зергерлік бұйымы тоналды

  • 102
  • UPD: 11:54, 27.08.2019
Нью-Йорктегі дүкеннен 4 млн доллардың зергерлік бұйымы тоналды

Нью-Йоркте әшекей бұйымдар дүкені тоналды. Қаруланған 3 ұры дүкенге күндізгі уақытта кірген.

Ішке емін еркін кірген ұрылар бастапқыда өздерін сатып алушы ретінде көрсетпек болып, витриналарды мұқият тексеріп шыққан. Кейін  қызметкерлерге қарумен сес көрсетіп, сейфте сақталғанның бәрін қолды қылған. Әзірге дүкенге келтірілген шығын көлемі белгісіз. Бірақ алдын ала болжам бойынша ол 4 миллион доллардан асуы мүмкін. Белгілі болғандай, шыға берісте шабуылшылардың бет-әлпеті бейнебақылауға түсіп қалыпты. Қазір тәртіп сақшылары қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы