389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалия халқы Бразилия президентінің немқұрайлылығына қарсы шеру өткізді

  • 111
  • UPD: 12:34, 27.08.2019

Лиссабонда 600-ден аса шеруші қала көшелеріне шықты. Олар Бразилия президенті Жаир Болсонарудың Амазониядағы өртке байланысты әрекетсіздігіне өз наразылықтарын білдірді.

Жарқын плакат пен кергі ұстап шыққан топ дауылпаз соғып, «Болсонару кетсін, Амазония қалсын» деп ұрандатты. Айта кетсек, Амазониядағы алапат орман өрті әлі де дес берер емес. Жалын көлемі рекордтық деңгейге жеткен. Бүгінге дейін әлемдегі ең ірі орман алқабында 70 мың өрт ошағы тіркеліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы