385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлалық мигранттар Эквадор шекарасын заңсыз кесіп өтуге әрекеттеніп жатыр

  • 98
  • UPD: 12:07, 27.08.2019
Венесуэлалық мигранттар Эквадор шекарасын заңсыз кесіп өтуге әрекеттеніп жатыр

Эквадор шекарасы венесуэлалық мигранттарға толды. Олар жаңа визалық шектеулерге байланысты ел аумағына заңсыз өтуге әрекеттеніп жатыр.

Демалыс күндері Эквадордың Румичаке шекара бекетінде елге кірмек болғандар саны 11 мыңға адамға жеткен. Колумбия көші-қон агенттігінің дерегіне сәйкес, бұл әдеттегі жағдайдан 30 процентке көп. Сондықтан мигранттар легімен күрес мақсатында Эквадор енді Венесуэла азаматтарына виза енгізіп отыр. Себебі бүгіннің өзінде бұл елде 320 мың Венесуэла азаматы өмір сүреді. Және олардың саны жыл соңына дейін жарты миллионға дейін жетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы