387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадрид көшелері топан судың астында қалды

  • 157
  • UPD: 15:31, 27.08.2019
Мадрид көшелері топан судың астында қалды

Испания астанасы Мадрид толассыз жаңбырдан кейін су астында қалды. Жауыннан кейін көшелер суға толып, жаяу жүргіншілер мен көліктердің жүруіне қиындық туғызған.

Тіпті жергілікті метро станцияларын да су басыпты. Куәгерлердің таспаға тартқан видеоларынан табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен аудандардың бірін көруге болады. Осыған байланысты жергілікті билік қазір шұғыл шара қабылдап, төтенше жағдайдың алдын алуға тырысып жатыр. Ал синоптиктердің мәліметінше, жаз соңына дейін Испанияда әлі де жауын-шашынды күндер күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы