389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда нөсер жауын мен су тасқыны салдарынан 62 адам көз жұмды

  • 195
  • UPD: 07:57, 28.08.2019
Суданда нөсер жауын мен су тасқыны салдарынан 62 адам көз жұмды 112.ua

Суданда бірнеше ай бойы төпелеп жауған жауын су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апаты ел тұрғындарын әбден әбігерге салды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, апаттан 62 адам мерт болды. Тағы шамамен 100-ге жуық тұрғын түрлі жарақат алған. Мыңдаған адам баспанасын тастауға мәжбүр болды. Елдің 17 провинциясы топан су астында қалды. 35 мың 750 баспана жарамсыз күйге айналды. Одан бөлек, шаруа қожалықтардың алқаптары бүлініп, 3600-ден астам қара мал қырылды. Аймақтағы құтқару жұмыстарына барлық әскери күштер жұмылғанмен, жағдайдың оңалар түрі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы