389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нетаньяху «Хезболланы» асығыс әрекет жасамауға шақырады

  • 211
  • UPD: 08:45, 28.08.2019
Нетаньяху «Хезболланы» асығыс әрекет жасамауға шақырады ria.ru

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливан шейіттерінің «Хезболла» қозғалысының жетекшісі Хасан Насраллаға өздеріне қарсы іс-әрекеттер жасаған жағдайда оның соңы зардап шектіретіндігін ескертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін еврей мемлекетінің әскери қолбасшылығы Дамаскінің оңтүстігіне бірнеше рет әуе шабуылын жасағанын растаған еді. Ондағы нысандар Израиль тарапының пікірінше, шейіт жасақтары мен Иранның «Кудс» бөлімшесінің бақылауында болды. Ондағы мақсат – Израильдің солтүстігіндегі шабуылдарды алдын алу еді. Осыдан кейін «Хезболла» жетекшісі «Ливанмен шекарадағы еврей мемлекетінің әскері кез келген уақытта осы әрекеттеріне жауап беруге дайын болуы қажет», деп мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы