389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияның солтүстігінде балықшылар мінген кеме жоғалды

  • 199
  • UPD: 11:18, 28.08.2019
Жапонияның солтүстігінде балықшылар мінген кеме жоғалды news.rambler.ru

Солтүстік жапон аралы Хоккайдоға балық аулауға аттанған балықшылар кемесі жоғалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оның бортында 7 адам болған. Үшеуі жапондық, төртеуі Индонезия азаматы. Соңғы рет байланысқа шыққанда кеме капитаны асау толқындардың кесірінен су көлігі қисайғанын хабарлап үлгерген. Оқиға Тынық мұхитының Кусиро портынан 90 шақырым жерде тіркелген. Қазір сол аумаққа құтқарушылар жіберілді.

Дереккөз:ТАСС

Хабар 24 телеарнасы