389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливия президенті орман өртін сөндіруге қатысты

  • 153
  • UPD: 12:45, 28.08.2019
Боливия президенті орман өртін сөндіруге қатысты

Боливия президенті Эво Моралес Чикитания аймағындағы орман өртін  сөндіруге қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрт шарпыған аудандарды тікұшақ арқылы бақылап шыққан мемлекет басшысы лаулаған жалынды сөндіру үшін барлық шара қолға алынып жатқанын жеткізді. Ал ресми ақпарға қарағанда, қазір Боливияда 1 миллион гектар орман өртке оранған. Негізінен Парагвай мен Бразилияға жақын жатқан таулы аймақтардағы ормандар жануда. Табиғат апатына байланысты ресми Ла-Пас бірнеше күн бұрын халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.

Эво Моралес, Боливия президенті:

- Қазіргі кезде 800-ге жуық бригада оқиға орнында жұмыс істеуде. Тағы 100-ге жуық өрт сөндіруші топ пен әскерилер жұмылдырылатын болады. Біз сондай-ақ шұғыл түрде тұрғындарды өртпен қалай күресу керектігін үйретуді қолға алмақ ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы