389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пуэрто-Рикоға «Дориан» тропикалық дауылы жақындады

  • 195
  • UPD: 12:47, 28.08.2019
Пуэрто-Рикоға «Дориан» тропикалық дауылы жақындады

Кариб теңізіндегі Пуэрто-Рико аумағына «Дориан» тропикалық дауылы жақындап, аралда төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ-тың Дауылдар жөніндегі ұлттық орталығының хабарлауынша, дүлей жел сағатына 90 шақырым жылдамдықпен соғуда. Ол Пуэрто-Рикоға бүгін кешке жетуі тиіс. Дауылмен бірге жаңбыр жауып, су тасқыны мен лай көшкіндері жүреді деп болжанып отыр.

Айта кетейік, 2017 жылы АҚШ-тың басқаруындағы Пуэрто-Рикода «Марияә дауылы соғып, 3 мыңнан астам адам қаза тапқан болатын. Мыңдаған үй қирап, арал халқы табиғат апатының зардабын әлі күнге дейін шегіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы