386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилия «Үлкен жетіліктің» қаржылай көмегінен бас тартты

  • 88
  • UPD: 13:53, 28.08.2019
Бразилия «Үлкен жетіліктің» қаржылай көмегінен бас тартты

Бразилия «Үлкен жетіліктің» Амазония аймағындағы орман өртін сөндіруге бөлген қаржылай көмегінен бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған президент Макронның «жергілікті билік климаттың өзгеруімен жеткілікті дәрежде күреспей отыр» деп айыптауы себеп. Бірақ президент Жаир Болсонару өз шешімін «Үлкен жетілік» елдері Бразилиямен ақылдаспай қабылдады деп түсіндірді. Ал осы елдің Франциядағы елшісі көмекті «елдің ішкі істеріне араласу» деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Францияда бас қосқан «Үлкен жетілік» Бразилияға орман өртімен күресуге 22 миллион доллар қаржы бөлетінін жариялаған.

Жаир Болсонару, Бразилия президенті:

- Бразилия үлкен жетілікпен еш араз емес. Біз тек бір ғана президенттің әрекетіне ғана наразымыз. Оның нені меңзеп отырғанына ешкімнің күмәні жоқ. Біз бұл орман өрті мәселесін әлемдік қауымдастықтың көңілі толатындай дәрежеде шешеміз. Ал Макрон сынды адамдар қандай да мәлімдеме жасамас бұрын оны бірнеше рет сүзгіден өткізуі абзал.

Хабар 24 телеарнасы