384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливия жағалауында мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады

  • 235
  • UPD: 14:04, 28.08.2019
Ливия жағалауында мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады

Ливия жағалауына жақын жерде мигранттар мінген кеме апатқа ұшырап, 40 босқын суға батып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 60 мигрант құтқарылды. Қаза тапқандардың арасында балалар бар. Мамандар оқиғаның қалай болғанын анықтап, құтқару жұмыстарына кіріскен. Апаттан кейін БҰҰ босқындар жөніндегі басқармасы Ливиядан Еуропаға бет алған мигранттардың көбейгенін айтып, Еуроодақтан жағдайды өзгертуге күш салуға шақырды. Ал ресми мәліметке сүйенсек, биыл жыл басынан бері Жерорта теңізінде 900-ден астам мигрант қаза тапқан екен.

Хабар 24 телеарнасы