389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малайзияның экс-премьері Наджиб Разактың соты жүріп жатыр

  • 179
  • UPD: 16:45, 28.08.2019
Малайзияның экс-премьері Наджиб Разактың соты жүріп жатыр © Reuters

Малайзияның Жоғарғы сотында  елдің бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разактың соты болып жатыр.

Наджиб Разакқа «1Malaysia Development Berhad (1MDB) мемлекеттік инвестиция қорынан 546 млн АҚШ долларынан астам қаржы жымқырды» деген айып тағылды. Негізінде сот Разакқа жалпы төрт түрлі айып тағып отыр, бұдан бөлек жымқырған осы ақшасын пайдалана отырып, 21 жерден ақша жымқырды деген күдік те бар. Мемлекеттік айыптаушылар Наджиб Разак 2011 жылдың 11 ақпанынан 2014 жылдың 19 желтоқсанына дейін AmIslamic Bank банкінің бөлімшесінде заңға қайшы әрекеттер жасады дегенді алға тартады. Егер 66 жастағы бұрынғы премьердің кінәсі дәлелденсе, 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

AgenceFrancePress

Хабар 24 телеарнасы