387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада барда болған өрттен 23 адам тірідей жанып кетті

  • 147
Мексикада барда болған өрттен 23 адам тірідей жанып кетті

Мексиканың Веракрус штатында барда болған өрттен кемінде 23 адам көз жұмып, 13 адам ауыр жарақат алған.

Бұл туралы штаттың бас прокуратурасы Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Барда болған өрттен 23 адам – 8 ер адам мен 15 әйел қаза тапты. Ауыр жарақат алған 13 адамға медициналық көмек көрсетілуде», – делінген мәлімдемеде.

Оқиға 27 тамыз күні кешке Коацакоалькос қаласындағы El Caballo Blanco барында болған, деп жазады kp.ru.

Қазір қайғылы жағдайға не себеп болғаны анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы