386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда толассыз жауын салдарынан адамдар қаза тапты

  • 117
  • UPD: 22:04, 28.08.2019
Жапонияда толассыз жауын салдарынан адамдар қаза тапты

Жапонияда толассыз жауыннан кейінгі тасқын салдарынан 2 адам көз жұмды. Қаза болған Кюсю аралының тұрғындары.

NHK телеарнасының хабарлауынша, тасқынның күштілігі сонша көліктерді ағызып әкеткен. Қазір табиғи апатқа байланысты жергілікті билік 850 мың адамды қауіпсіз жерге көшіре бастады. Куәгерлер түсірген видеодан қаланың біраз көшесі су астында қалғанын байқауға болады. Бұдан бөлек, толассыз жаңбырдан шаһар сыртындағы өзен арнасынан тасып, маңайдағы елді мекендерді де су басқан. Жапония метеорологиялық қызметі қауіптің бесінші деңгейін жариялады. Ал зардап шеккердерге көмек көрсету мақсатында Сага префектурасының сұратуымен Жапония қарулы күштері аймаққа әскер аттандырды.

Хабар 24 телеарнасы