389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда есірткіні табытқа жасырып алып өтпек болғандар ұсталды

  • 121
  • UPD: 09:45, 29.08.2019

Колумбия полицейлері 300 келі марихуананы табытқа жасырып, алып өтпек болған қылмыстық топты ұстады.

Есірткі тиелген көлікті тәртіп сақшылары өткізу бекеттерінің бірінде тоқтатқан.

Қазір заңға қайшы әрекетке барған көлік жүргізушілері қамауға алынып, көліктегі есірткі партиясы түгел тәркіленді. Полицейлердің табытқа тығылған тыйым салынған заттарды табу  барысы  Voice of America порталы жариялаған видеода көрсетілген. Қылмыскерлердің жүкті қайда жеткізбек болғаны анықталып жатыр.

Дереккөз:life.ru

Хабар 24 телеарнасы