389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сингапурде алғаш рет жүргізушісі жоқ автобустар қала көшелеріне шықты

  • 129
Сингапурде алғаш рет жүргізушісі жоқ автобустар қала көшелеріне шықты

Сингапурдың Сентоза аралында тұңғыш рет жүргізушісі жоқ автобустар қала көшелеріне шықты.

Сәтін салып, жаңа көлік түрімен жергілікті тұрғындар мен туристер жүріп өтті. Алайда әзірге бұл тек көліктерді тестілеуден өткізу үшін ғана ұйымдастырылған шара екен. Сондықтан автобустарды сынау барысында оның ішінде қауіпсіздікке жауапты арнайы стюардтар мен жүргізуші де болған. Бірақ ол көлікті басқару тетіктеріне еш тиіспей, тек қажет кезде ғана тізгінді өз қолына алуға дайын отырған.

Мухд Фаиз Бин Ахмад, жүргізушісі жоқ автобус жүргізушісі:

– Мен үнемі жол қозғалысын бақылап, қауіп төнген жағдайда нақты шара қабылдауым қажет. Мәселен, кей жүргізушілер жол ережесін бұзып жатады. Сондықтан біз әрдайым сақ болуымыз керек. Көбісі жүргізушісі жоқ автобустардың қалай жүретінін білмейді ғой. Бұған қоса, біз жолаушылар қауіпсіздігіне де жауаптымыз.

Әзірге мұндай автобустар Сентоза аралында тек бірнеше бағыт бойынша ғана қатынайтын болады. Бірақ алдағы уақытта аталған көлік құралдарын басқа өңірлерде де сынақтан өткізу жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы