387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда әуе рейстері кейінге шегерілуде

  • 118
Испанияда әуе рейстері кейінге шегерілуде

Испанияда соңғы күндері дауыл жиілетіп, жауын селдетіп, су тасқыны көбейді.

Бұршақты жауыннан елдің кейбір аудандардағы көлік қозғалысы тұралап, әуе рейстері кейінге шегерілуде. Табиғат апатынан ең көп зардап шеккен Мадрид, Толедо, Кордова өңірлері. Мадридте су тасқынынан метро жұмысы тоқтатылған. Алайда табиғат апатынан жапа шеккендер туралы әзірге ақпар жоқ. Ал ауа райын болжаушылар жаңбыр тағы бірнеше күн жалғасады деп отыр. Сондықтан билік су тасқыны қауіпі жоғары екенін айтып, тұрғындардан барынша абай болуды сұрауда.

Хабар 24 телеарнасы