386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада мыңдаған адам биліктің экономикалық саясатына қарсы шықты

  • 102
Аргентинада мыңдаған адам биліктің экономикалық саясатына қарсы шықты

Аргентина астанасында мыңдаған адам биліктің экономикалық саясатына қарсы шеруге шықты.

Акцияға қатысушылар үкіметтен жалақы көлемін өсіріп, жұмыссыздықпен күресуді талап етуде. Айта кетейік, Аргентина бірнеше жылдан бері қаржылай дағдарыстан шыға алмай келеді. Ұлттық валюта құнсызданып, азық-түлік бағасы шарықтаған. 45 миллион халқы бар елдің әр үшінші тұрғыны кедейшілік жағдайда өмір сүруде. Ал мемлекеттің сыртқы қарызының көлемі орасан зор. Осыдан бірнеше апта бұрын солшыл партияның өкілі Алберто Фернандестің президенттік праймеризде жеңіске жетуі жағдайды тіпті ушықтырып жіберді. Себебі инвесторлар ол сайлауда жеңіске жетсе дефолт жариялауы мүмкін деп қауіптенеді.

Хабар 24 телеарнасы