389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания тұрғындары қызанақпен атысты

  • 224
  • UPD: 10:37, 29.08.2019
Испания тұрғындары қызанақпен атысты

Испанияның Буньоль қаласында мыңдаған адам бір-біріне қызанақ лақтырып, атысты.

Көкөніс күресінің бұл түрі «Томатина» деп аталады. Томат соғысының шарты бойынша, қатысушылар қызанақты лақтырмас бұрын, оны жақсылап езіп алуы керек. Бұл – адамдарды ауыр жарақаттардан сақтау үшін енгізілген талап. Биылғы бәйгеге 145 тонна қызанақ жұмсалыпты. Оның қызығын 20 мыңнан астам адам көрді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көңілі көтеріп, қызық көру үшін Буньольге келетін туристердің саны жыл санап артып келеді екен. Айта кетсек «Томатина» испан елі мейрамдарының тізіміне 2002 жылы енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы