389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың Хайнань аралында торнадодан сегіз адам қаза тапты

  • 241
  • UPD: 12:45, 29.08.2019
Қытайдың Хайнань аралында торнадодан сегіз адам қаза тапты inform.kz

Қытай Халық Республикасының оңтүстігіндегі аралдық провинция – Хайнань қаласында торнадо салдарынан сегіз адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметінше, таңғы сағат 04.00 шамасында торнадо Даньчжоу қаласымен өткен. Құрылыс алаңында жұмысшылардың қосалқы нысанының қирауы салдарынан сегіз адам мерт болды. Бір адам ауыр зардап шеккен . Сондай-ақ, бір жұмысшы жеңіл дене жарақатын алған.

Билік оқиға орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін бригада жіберді.

Хабар 24 телеарнасы