386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливия жағалауына жақын жерде 98 мигрант құтқарылды

  • 123
  • UPD: 12:45, 29.08.2019
Ливия жағалауына жақын жерде 98 мигрант құтқарылды ktovkurse.com

Италиядағы үкіметтік емес ұйымның бірі Ливия жағалауына жақын жерде 98 мигрантты құтқарып алды.

Олардың айтуынша, теңізде зақымданған кемеде әйел мен бала көп болған. Қазір италиялық кеме келімсектерді қай елге апару керектігін шешуде. Айта кетейік, Былтыр Италияда билікке келген Джузеппе Конте үкіметі босқындарға қатысты саясатты қатаңдатқан. Вице-министр Маттео Сальвини өз елінің кемелеріне теңізде мигранттарды құтқарып, оларды ел аумағына әкелуге тыйым салды. Ресми Рим сондай-ақ босқындарға қатысты Дублин келісімін өзгертуді қалайды. Себебі онда мигранттар қай елге барса, сол мемлекетте қалуы тиіс деп бекітілген.

Хабар 24 телеарнасы