389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикадағы дәмханада болған өрттен қаза тапқандар саны 25-ке жетті

  • 135
Мексикадағы дәмханада болған өрттен қаза тапқандар саны 25-ке жетті

Мексиканың Коацакоалькос қаласында жантүршігерлік оқиға болды.

Жергілікті қылмыстық топтың бірі дәмханада отырған адамдарды қамап, оны өртеп кетті. 25-і қаза тауып, тағы 13 тұрғын жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, қылмыстық топ алдымен адамдарға оқ жаудырған. Содан кейін дәмханадан шығатын есіктердің бәрін жауып, оған жанғыш шөлмек лақтырған. Қазір қаскөйлер іздестіріліп жатыр. Үкімет қылмысты жасағандар қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді. Алдын ала тергеуге қарағанда, күдіктілердің кейбіреуі – бұған дейін сотталып, түрмеден ерте босатылғандар.

Хабар 24 телеарнасы