387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдік алтын нарығында жалған құймалар көбейген

  • 157
  • UPD: 13:58, 29.08.2019
Әлемдік алтын нарығында жалған құймалар көбейген

Әлемдік алтын нарығында жанжал.

Соңғы 3 жылда айналымға Швейцария зауыттарында жасалған деген жалған алтын құймалар шыққан. Оның жалпы көлемі 50 миллион долларды құрайды. Әр құйманың құны – 50 мың доллар. Тіпті олар әйгілі банктердің қоймаларынан да табылып жатыр. «Себебі мұндай кесектердің сапасы жоғары, оларды шын алтыннан айыру қиын дейді мамандар. Ал сарапшылардың болжамынша, мұндай құймалар Қытайда жасап шығарылуда. Алайда Шанхай алтын қор биржасы айыптауды жоққа шығарып отыр. Жалпы бұл мемлекеттен жыл сайын шетелге 600 тонна алтын шығарылады екен. Қазір Швейцария компаниялары жалған алтын жасауға қарсы күресті күшейткен.

Хабар 24 телеарнасы