385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камбоджа билігі шетелдіктерге такси жүргізушісі және шаштараз болуға тыйым салды

  • 111
  • UPD: 18:00, 29.08.2019
Камбоджа билігі шетелдіктерге такси жүргізушісі және шаштараз болуға тыйым салды hotels.com

Камбоджа аумағында жүрген шетелдік азаматтар енді бұрынғыдай қалаған кәсіп түрлерімен айналыса алмайды, деп хабарлайды Риа Новости.

Елдің еңбек министрлігі оларға заң тұрғысында нарықтағы 10 қызметті иемденуге шектеу қойып отыр.

Атап айтсақ, бұдан былай сырттан келгендер қоғамдық көлік жүргізушісі, таксист, шаштараз және бет әрлеуші, көше саудагері, массажист, тігінші, аяқ киім тазалаушы, асыл тастарды қырлаушы мамандықтары бойынша еңбек ете алмайды. Сондай-ақ ұлттық және музыкалық, діни кәдесыйлар дайындау ісімен шұғылдануға рұқсат жоқ.

Билік өкілдері осы арқылы жергілікті халықтың жұмыссыз қалуының алдын алып, табысын сақтап қалуды мақсат еткен. Тіптен, көршілес Таиланд мемлекетінде  мұндай тәжірибе ондаған жылдар қолданыста бар екенін алға тартты.

Хабар 24 телеарнасы