386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда жанартау жұрттың зәресін ұшырды

  • 105
  • UPD: 10:18, 30.08.2019

Әдетте жанартаудың атқылауы мен лаваның ағуын тамашалауға сан мыңдаған адам жанартаудың аузына жиналады.

Туристер оны өте жақын жерден көзбен көріп, қызықтағысы келеді. Бірақ Италияның Стромболи аралы тұрғындарын табиғаттың ерекше құбылысы қатты шошытса керек. Геофизика және жанартаутану ұлттық институтының мәліметі бойынша жанартаудың атқылауы айтарлықтай қуатты болған. Алайда одан зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенімен, ол көптің үрейін алыпты.

Франческа, турист:

- Қатты шошып кеттім. Әп-сәтте бойымды қорқыныш билеп әкетті. Содан балаларыммен бірге үш сағат бойы шіркеу ішінде отырдық. Себебі тастар құлап, айнала кенет қарайып кетті. Үйіміз түгел күл астында қалды. 

Айта кетсек, 900 метрлік Стромболи туристер арасында кеңінен танымал жер. Жанартаудың әлемдегі ең белсенді табиғи нысан саналғанына қарамастан, демалуға келгендер жанартау аузына көтерілуге тырысады.

Хабар 24 телеарнасы