387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде баланы мектепке дайындау үшін бір реттік қаржылық көмек беріледі

  • 182
  • UPD: 11:16, 30.08.2019

Ресей депутаттары ел аумағында «бірінші қыркүйектік капиталды» енгізу бастамасын көтерді.

Яғни ата-аналарға баланы жаңа оқу жылына дайындауға жәрдемдесу мақсатында мемлекет тарапынан бір реттік көмек беріледі. Бастама авторларының айтуынша, қазіргі таңда баланы оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге кез келген ресейлік отбасының қалтасы көтере бермейді.

Ресейде жаңа оқу жылы қарсаңында бір баланы оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге 22 мың рубль көлемінде қаражат кететіні есептелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Мектеп жарақтарының бағасы кей сауда орындарында арзан болса, енді бірінде қымбаттай түскен. Сондықтан болжам бойынша ата-аналар тамыз айында балаларын мектепке дайындау үшін кемінде жалақыларының жартысын жұмсайды. Ең қажетті әрі арзан жабдықтарды сатып алғанның өзінде мұндай шығын ресейліктердің қалтасына айтарлықтай салмақ салады. 

Татьяна Половкова, «Білім жөніндегі ұлттық ресурстар» қорының директоры:

- Оқу құралдары құны 3417 рубльді құраса, мектеп формасы 4035 рубль тұрады. Бұл шығындар тамыз айының соңында отбасы бюджетіне айтарлықтай салмақ түсіреді. Сондықтан көпбалалы отбасылар үшін оқушының керек-жарағын дайындауға арнайы көмек қарастырылған. 

Мемлекет мұқтаж отбасыларға барынша көмек көрсетуге тырысып жатыр. Бірақ орташа есеппен ел бойынша бір реттік көмек көлемі небәрі 2 мың рубльді құрайды. Сондықтан  қалтасы көтермейтін отбасыларға қайырымдылық қорлары қол ұшын созып жатыр. 

Наталия Климова, қайырылымдылық қорының төрайымы:

- Өкінішке орай, бізден көмек сұраған отбасылардың бәріне жәрдем беруге мүмкіндігіміз жоқ. Себебі күн сайын қорға 70 жанұя өтініш білдіреді. Барлығы да көмекке мұқтаж отбасылар. Егер ірі қалалардағы мектептерді алып қарасақ, көбі арнайы мектеп формасын талап етеді. Кейбірі тіпті белгілі фабрика немесе ательеде тігілген киім-кешекті ғана алу талабын қойған. Ал мұндай формалардың бағасы бірнеше есе қымбат. 

"Қазір Білім күні халықтың банк алдына келіп жығылатын күніне айналды. Баласын білім ұясына толыққанды дайындау үшін несие алып, шарадай басы шақшадай боп жүргендердің қарасы басым" дейді бірінші қыркүйектік капитал бастамасының авторы Мемлекеттік дума депутаты Борис Чернышов. 

Борис Чернышов, Мемлекеттік дума депутаты:

- Өкінішке орай, Ресейде өмір сүріп жатқан азаматтардың басым бөлігінің тұрмысы төмен. Сондықтан бірінші қыркүйектік капитал бастамасы көтеріліп отыр. Оған сай әр отбасының орташа айлық табысының 25 процентінен асатын шығынды мемлекет өз мойнына алады. 

Алайда баланы мектепке дайындауға кететін шығынды өтеу бастамасы тек сөз жүзінде ғана қалып отыр. Себебі әзірге  өтемақы берудің ешбір шешімі мен нақты механизмдері жоқ. 

Автлорлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы