385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинаның Жоғарғы Радасы жұмысын бастады

  • 130
  • UPD: 11:40, 30.08.2019

Украинаның Жоғарғы Радасы өз жұмысын бастады. Алдымен депутаттар Рада спикері мен вице-спикерін сайлады.

Сондай-ақ импичмент пен депутаттардың дербес құқықтылығына байланысты заң жобасын талқылады. Алайда алғашқы отырыс кішігірім митингті еске салды. Парламент алдына жиналған жұрт «жемқорлықты жой, соғысты тоқтат, баланы қорға» деп ұрандатты. Айта кетсек, Тоғызыншы шақырылымның жаңа құрамы 80 процент жаңарған. Оған 5 саяси партия өтті. Басым дауыс билік партиясына тиесілі. Президент Владимир Зеленскийдің «Слуга народа» партиясынан 254 адам депутаттық мандатқа қол жеткізді. Бірақ билік партиясының депутаттары бұрын-соңды мемлекеттік қызмет атқармаған. Сондықтан жаз айларында олар арнайы курстан өтті. Ең жас депутаттың жасы 23-те.

Святослав Юраш, Жоғарғы Раданың ең жас депутаты:

- Диаспора бойынша мәселе әлі шешімін таппады. Әлемнің әр түкпіріндегі Украина азаматтарына көмек көрсетілу керек. Олардың «шет елдегі украиналық» деген төлқұжаты болуы шарт. Біз оларға мүмкіндігінше көмек көрсетіп, елге қайтаруды қолға алуымыз қажет. 

Ольга Василевская-Смаглюк, Жоғарғы рада депутаты:

- Бұл бұрын-соңды тарихта болмаған оқиға. Жаңа құрамның 37 пайызын әйелдер құрап отыр. Вице-спикер де әйел адам болады деп ойлаймын. Менің жеке мақсатым – жемқорлықпен күресу. 15 жыл бойы осы саланы зерттеген журналистпін. Жемқорлықпен заң бойынша күресті күшейтіп, жауапкершілік деңгейін арттыруымыз қажет.

Хабар 24 телеарнасы