387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия жағалауға тоқтаған кемедегі мигранттардың тек кейбірін қабылдады

  • 133
  • UPD: 15:08, 30.08.2019
Италия жағалауға тоқтаған кемедегі мигранттардың тек кейбірін қабылдады

Италия Mare Joniо (Маре Хонио) қайырымдылық кемесіндегі кейбір мигранттарды қабылдады.

Бірақ жағаға түсуге тек ауруға шалдыққан азаматтар, әйелдер мен балаларға ғана рұқсат берілді. Сөйтіп, бірнеше мигрант Лампедуза жеріне түсті. Десе де, Италия билігі өзінің аймақтық суларына кіруге қатысты тыйымын әлі де өз күшінде қалдырып отыр. Айта кетсек, бұған дейін 100-ге жуық мигрант мінген қайырымдылық кемесі Лампедуза аралының жағалауына тоқтаған еді. Бірақ кейін Ішкі істер министрі мен Көлік және инфрақұрылым министрі Африкадан келген кемелердің Италия жағалауына тұрақтауына тыйым салды. Сонымен қатар рұқсатсыз Италия аумағында жүзген кемелерге 1 млн еуроға дейін айыппұл салу туралы жаңа заң да шықты.

Хабар 24 телеарнасы