386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Жеңіс күнін тойлап жатыр

  • 191
Түркия Жеңіс күнін тойлап жатыр

30 тамыз - Түрік елінде де атаулы күн.

Бүгін бауырлас ел Жеңіс күнін тойлап жатыр. Осыдан 97 жыл бұрын ел көсемі Мұстафа Кемал Ататүрік батыс басқыншыларымен шайқасып, дұшпанды тізе бүктірді. Сондықтан бұл күн 1926 жылдан бері ресми мейрам ретінде атап өтіледі. Бүгін де еңбектеген жастан еңкейген қарияға дейін қолдарына ай-жұлдызды байрақтарын алып, қала орталықтарында бас қосты.

Фуркан Дерелі, қала тұрғыны:

– Жеңіс күні – біздерге жылдар бұрын батыр аталарымыздың қалдырған рухани мұрасы. Ұлы қолбасшымыз Мұстафа Кемал Ататүрік пен оның жолдастарын құрметпен еске аламыз. Бұл – біздің борышымыз. Отанға деген сүйіспеншілік сезімімен өстік. Келесі кезек – ұрпақтарымызға мұны көрсету. Сол үшін бала-шағамызбен бұл күнді Ататүріктің мавзолейінде атап өтіп жатырмыз.

Йашар Экен, қала тұрғыны:

– Бүгін – біз үшін ең маңызды мейрам. Әрқашан жадымызда. Сондай-ақ бүгін бауырлас қазақ елінде де Ата заң күні екен. Барша қазақ халқын бұл мерекемен құттықтаймын. Елдеріңізге береке-бірлік пен тыныштық тілейміз.

Хабар 24 телеарнасы