389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Багам аралдарында «Дориан» дауылына байланысты эвакуация жарияланды

  • 235
  • UPD: 14:29, 31.08.2019
Багам аралдарында «Дориан» дауылына байланысты эвакуация жарияланды

«Дориан» алапат дауылына байланысты Багам аралдарында тұрғындарды шұғыл түрде эвакуациялау жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік елдің солтүстігіндеі Абако және Үлкен Багам аймағындағы адамдарды ішкі аудандарға қарай көшіруді бастады. Премьер-министр Хьюберт Миннистің айтуынша, дауылдан алып толқындар соғып, жаңбыр құйып, су тасқыны жүреді. Сондықтан тұрғындарға тез арада қауіпсіз өңірлерге көшуді сұрады. Ал «Дориан» дауылы қазір Багам араларынан 645 шақырымай жерде соғуда. Сағатына 215 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел аралдарға ертең таңертең жетеді деп болжанып отыр.

Хабар 24 телеарнасы