385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда Бранденбург пен Саксония жұрты парламенттік сайлауға дайын отыр

  • 120
  • UPD: 15:20, 31.08.2019
Германияда Бранденбург пен Саксония жұрты парламенттік сайлауға дайын отыр

Германияның шығыс жағы парламенттік сайлауға дайын отыр. Ертең Бранденбург пен Саксония жұрты аймақтық заң шығарушы органының депутаттарын таңдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауалнамаға қарағанда, бұған дейін миграциялық саясатты қатаң ұстау және Ресеймен ынтымақты қолдайтын «Германияға балама партиясы» жеңіске жетуі мүмкін. Ал аймақты 30 жыл бойы билеген «Социал-демокартиялық партия» мен «Христиан-демократтар» аймақ парламентіндегі біраз орынынан айырылады деген болжам бар. Көптеген сарапшылар қос Германия бірккенімен Шығыс жақтың ұстанымы өзгеше екендігін айтады.

Блиц 1:

- Сайлауда «Германияға балама партиясы» жеңіске жетіп, Христиан демокартиялық одағын ауыстырады деп үміттенемін. Себебі, әлгі партия басқарған соңғы 15 жылда аймақ даму қайда, қайта құлдырап кетті. Шығыс өңірлерде білікті маман тапшы.

Блиц 2:

Мен Социал демокараттарға дауыс бермеймін. Олар еліміздің батыс бөлігінде біршама қолдауға ие шығар, бірақ мен бұл жолы өзге партияны таңдайтын боламын.

 

Хабар 24 телеарнасы